Ақмола облысында егін орағы алпыс пайызға жуық орындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы жұмыстарының 59,8 пайызын еңсеріп отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады.

«Биыл облыс бойынша себілген 4328,7 мың гектар егістік алқаптың  бүгінгі күнге дейін 2586,9 мың гектарында астық  жиналды. Бұл - тиісінше барлық егіс алқабының 59,8 пайызы болып отыр.

Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен  13 центнерден астық жиналуда. Оған қоса 351,9 мың тонна келер жылға қажетті тұқым қамбаға құйылды», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар