Ақмола облысында Егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында 96 мың адамға бір реттік көмек көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында 96 мың адамға бір реттік көмек көрсетілді.

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Басқарма басшысының айтуынша, егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін облыс бойынша барлығы 268 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 440 адамға отын сатып алынса, 163 адамға қажетті дәрі-дәрмек, 55 адамға тіс протезі, 5028 адамға қоғамдық көлікте жүру билеті, 10648 адамға азық-түлік, 24729 адамға ақшалай, 6 адамға үйлерін жөндеуге және 23898 адамға өзгеде көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен облыс аудандарында «Ғажайып адамдардың өмірі» атты фото көрмесі ұйымдастырылды. 1 қазан зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте тегін жүру акциясы қолға алынды. Бұдан басқа да, мәдени, спорттық шаралар, денсаулық сақтау мекемелерінде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Соңғы кездері айлық аясында жеке кәсіпкерлер де өз қаражаты есебінен көмек қолын созуда белсенділік танытуда. Мәселен, бір ғана Көкшетау қаласының өзінде 14868 зейнеткерге 26,9 миллион теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Ал, Бұланды ауданында «Әр үйге ет» акциясы барысында 1-ші және 2-ші топтағы 708 зейнеткер мен мүгедек жандары бар аз қамтылған отбасыларға ет таратылды.

Соңғы жаңалықтар