Ақмола облысында дүкеннен 10 қарбызды қолды қылған азамат ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүкеннен 10 қарбызды ұрлаған 27 жастағы жігіт қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Бұланды аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне белгісіз біреудің «Азамат» дүкенінің терезесін бұзып кіріп, азық-түлік өлшейтін таразыны және 10 қарбызды қолды қылғаны жөнінде хабар түскен. Осыған байланысты полицейлер ұрыны анықтап, ұстау мақсатында бұрындары осындай қылмыс жасағандарды, ішімдік ішіп, есірткі заттарын тұтынатын азаматтарды және аудандық ІІБ-де есепте тұрған жасөспірімдерді тексеріп, аталған қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап шықты.

Сондай-ақ куәгерлер іздестіріліп, аудан орталығындағы барлық дүкендер мен базарлар, сауда нүктелері бақылауға алынды.

Нәтижесінде күдікті анықталып, 1987 жылғы азамат қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті қылмысын мойындап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар