Ақмола облысында дүкен өртке оранды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сататын дүкен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін түс кезінде Зеренді ауданы орталығындағы азық-түлік және өнеркәсіп туарлары сатылатын «Аист» дүкенінде шыққан.

«Бүгін сағат 12:33 Зеренді аудандық ӨБ кезекшілік бөліміне бір қабатты «Аист» дүкенінің шатыры жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 15 қызметкер және 3 арнайы техника, Қызыл кардон орман шаруашылығының жұмысшылары мен техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, ТЖД 10 өрт сөндіруші мен 2 техника аттанды. Өрт аумағы 350 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - деп түсіндірді Зеренді аудандық ТЖБ бастығы Ерлан Жолдин.


Соңғы жаңалықтар