Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорны Ақмола филиалы таратқан мәліметке сенсек, ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар түгел жабылады.

«Құрметті жол қолданушылары, аяз күшейіп, минус 38 градусқа жетті. Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 18:00 бастап дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарының республикалық маңызы бар барлық бағыттағы жолда жүруіне тыйым салынады. Күн райы жылынып, ауа райы жақсарғанға шейін алыс жолға шықпағандарыңыз жөн» делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Сонымен қатар, өңір жолдарында қоғамдық көліктің де қозғалысына шектеу қойылды .

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар