Ақмола облысында дәрігерлер тапшылығы қалай шешіліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында медициналық кадрлар жетіспейтіні жасырын емес. Осы ретте Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында ашылған жалпы медицина факультеті қазірдің өзінде өңірдің орта және кіші медициналық персоналы тапшылығының орнын толтыруға үлес қосуда. Бұл туралы аталмыш білім ордасының медицина жоғары мектебінің директоры, медицина ғылымдарының докторы Светлана Мұратбекова ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Маманның айтуынша, өңірдегі медицина кадрларының тапшылығын толтыру үшін 2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында жалпы медицина факультеті ашылды. Бүгінгі таңда факультетте 519 студент оқиды.

Оның ішінде 185 адам орыс тілінде, 212 адам қазақ тілінде және 125 адам ағылшын тілінде білім алады.

Ағылшын тілінен білім алатындардың арасында 25 бала Пәкістаннан және 97 бала Үндістаннан келіп отыр.

Сондай-ақ, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстаннан келген тағы 14 шетелдік студент орыс және қазақ топтарында білім алуда.

«Біз бакалаврлар мен интерндерді дайындаймыз. 519 студенттің 14-і интернатурада оқиды, оның 10-ы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гранты бойынша оқиды», - деді Светлана Мұратбекова.

ҰБТ қорытындысы бойынша ҚР ДСМ гранттарында факультетте 37 адам оқиды.

Ақмола облысы әкімінің гранты 176 адамға, облыс әкімінің атаулы әлеуметтік көмек бойынша гранты-9 студентке тиесілі.

Сондай-ақ, өңір әкімінің атаулы стипендиясы бар, оны 27 оқушы алады және аудан әкімдерінің гранттары-15 студент. Өз қаражаты есебінен 120 адам оқиды.

«Сонымен қатар, 13 студент емдеу-алдын алу ұйымдарымен келісім-шарт арқылы білім алуда. Олар оқу бітіргеннен кейін оқу ақысын төлеген ұйымдарда жұмыс істеуге міндетті», - деді Светлана Мұратбекова.

Студенттерге жоғары санатты бөлім меңгерушілері, дәрігерлер сабақ береді.

Бүгінде жалпы медицина факультетінің бұрын медициналық колледжді бітірген студенттері өңірдегі орта және кіші медициналық қызметкерлер тапшылығының орнын толтыруға қолдан келгенше көмек көрсетуде.

Орта медициналық білімі жоқ студенттер санитар болып жұмыс істейді. Бұл әсіресе пандемия кезінде үлкен көмек.

«Медициналық колледж дипломымен бізде 96 студент білім алуда. Бүгінде олардың барлығы орта және кіші медицина қызметкерлерімен бірге еңбек етеді. Барлық 14 интерн де жұмыс істейді. Олардың 30 пайызында теориясы және 70 пайызында тәжірибесі бар. «Қызыл аймақта жұмыс істейтіндер де бар, түнде кезекшілік етеді», - деп қосты Светлана Мұратбекова.

Медицина ғылымдарының докторы атап өткендей, алдағы уақытта медицина мамандарының тапшылығы болуы мүмкін деген қорқыныш негізсіз және түлектердің көпшілігі Ақмола облысында жұмыс істейтін болады.

Осы ретте, Көкшетау жоғары медициналық колледжін бітіргеннен 67 бала осы факультетке келген екен.

«3-4 курс студенттері арасында Көкшетауда тұрып жатқан студенттер де көп. Олардың тіпті отбасылары бар және олар ешқайда кетпейді. Біздің студенттеріміздің шамамен 70 пайызы жедел медициналық жәрдем станциясында жұмыс істейді. Басқалары қабылдау бөлімдерінде немесе емханаларда қабылдау жүргізеді. Бізде екі интерн бар еді. Олар сұранысқа ие, жұмысқа орналасқан, бірақ студенттердің бір бөлігі резидентураға түсті, бірақ олар негізінен Көкшетауда еңбек етеді. Біздің факультет өңірдегі медицина қызметкерлерінің тапшылығын толтыруға көмектеседі деп есептеймін», - деп түйіндеді Светлана Мұратбекова.

Айта кетсек, биылғы жылдың 28-29 қаңтарында осы факультетке Үндістаннан тағы 100 студент келгелі отыр, олар ағылшын тілінде білім алады.


Соңғы жаңалықтар