Ақмола облысында дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары қатаң бақылауда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы амбулаторлық және станционарлық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясымен күресу үшін қажетті препараттармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірдегі медициналық ұйымдарда қажетті дәрі – дәрмек жеткілікті.

«Жергілікті бюджет есебінен коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық мақсатында дәрі – дәрмектің екі айлық қоры жасалды. Қазіргі таңда 80 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Станционарлық қамтамасыз ету шеңберінде 568 түрлі дәрілік заттар жеткізілді, қосымша 85 түрлі дәрі түсірілуде», - дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, коронавирусті емдеу үшін қосымша 80,2 миллион теңге бөлінді. Медицина ұйымдары коронавирусты емдеу үшін дәрінің жаңа 5 түріне тапсырыс берді. Оның ішінде 85 миллион теңгенің дәрісі жеткізілді. Қалғаны 68 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі. Жалпы, 50 мың адамды дәрі-дәрмекпен қамту жоспарланған. «Көкше» әлеуметтік кәсіперлік корпорациясында құрылған тұрақтандыру қоры шеңберінде дәрі-дәрмек сатып алынуда.

«Тұрақты жүргізіліп тұрған мониторинг дәріханаларда дәрілер мен медициналық өнімдердің шепті бөлшек бағасы көтерілмегені анықталды. Бұл өңірдің дәрілік препараттармен жеткілікті қамтамасыз етілгенін көрсетеді», - деп толықтырды ведомстводан.

Айталық, облыстың дәріханалар қоймасында 260 мың маска, 4500 медицининалық бас киім, 5816 жұп нитрилді латекс саусаққабы бар.


Соңғы жаңалықтар