Ақмола облысында «Даму» қоры 9 жобаны қаржыландырып отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Абай Саркуловпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар өңірде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында ынтымақтастық орнату туралы мəселелерді талқылады. Сондай-ақ, өңірдегі инновациялық жобалар мен бизнес бастамаларды қолдау үшін қаражат тарту мəселесі сөз болды.

Айта кету керек, Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғаннан бері құны 84,7 миллиард теңгеге барлығы 667 жоба қолдау тапты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 41 мың, онда 128 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылып отыр. Оның ішінде 498 шағын және орта бизнес субъектілері «Даму» қоры арқылы несиелік пайыз мөлшерлемесіне субсидия, 160 кəсіпкер несиелеріне кепілдеме алды.

Кездесуде қор өкілдері атап өткендей Ақмола облысының əкімдігі мен «Даму» қоры арқылы 150 миллион теңгеден (300 миллион теңге) қаржы бөлініп, екінші деңгейлі банктер арасында заем алушылар үшін 8,5 пайыздық мөлшерлеме бойынша үлестірілді.

Қазіргі кезде аталмыш жоба бойынша барлығы 266 миллион теңгеге 9 жоба қаржыландырылып отыр. Осындай сәтті жүзеге асырылған «Авиценна» емдеу алдын алу мекемесі жəне «Асыл арман» ЖШС тəрізді бірқатар жобалар бар.

Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы өңірде инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар