Ақмола облысында дала өртін сөндірмек болған ер адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында найзағайдың түсуінен дала өрті өршіп, оны сөндірмекші болған ер адамның денесін күйік шалып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 4-де Біржан сал ауданында дала өрті орын алды.

Өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жауды Краснофлотск ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары және Белағаш ауылының 6 тұрғыны ауыздықтауға тырысқан.

Округ әкімі Аман Тәшімовтың айтуынша, тұрғындар дала өртін сөндіруге өздері шыққан.

Өйткені, өрт Белағаш ауылына қарай 7 шақырым жерде болған.

«Округ әкі атап өткендей, өртті сөндіру кезінде кенеттен екпінді жел тұрып, тұрғындар қызыл жалынның қоршауында қалды. Олар дереу қауіпсіз жерге шықты. Алайда, 1984 жылғы тұрғын оттың ортасында қалды. Ер адам термиялық күйік алып, Степняк қаласындағы аудандық ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды» - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облыстық ТЖД мамандары өңірде күннің аптап ыстық болуына байланысты тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар