Ақмола облысында дəрі-дəрмек жыл соңына дейін қымбаттамайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімдігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің департаменті және денсаулық сақтау басқармасының Көкшетау қаласы бойынша фармацевтика қызметінің субъектілері арасында медициналық өнімдер мен дəрі-дəрмек бағасын тұрақты ұстап тұру жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Осы меморандум аясында халықтың əлжуаз топтарының дəрі-дəрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Меморандум күші 2017 жылдың соңына дейін сақталмақ.

Облыс орталығындағы дəрі-дəрмек сатушылар өз кезегінде асқыну мен ыстықты басатын препараттарды, антибиотиктер мен 105 атаулы өзге де дәрілерді белгіленген бөлшек сауда бағасына сай тұрақты ұстап тұруды өз жауапкершіліктеріне алып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда дəрі-дəрмек және медициналық мақсаттағы өнімдер бағасын мемлекеттік реттеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Дəрі-дəрмек атауларының тізілімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен және олар меморандумға қол қойған жекеменшік дәріханаларда ілініп тұрады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта аудан əкімдіктері мен жекеменшік дәріхана ұйымдары арасында да қолға алынатын болады. 

Соңғы жаңалықтар