Ақмола облысында цифрландыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Smart Aqmola» цифрландыру кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңсе жұмысының басты міндеті - экономиканың дамуы және халықтың әл-ауқатының артуын жылдамдатуды қамтамасыз етуде қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын өңірде жүзеге асыру.

«Smart Aqmola» КМК басшысы Ғалымжан Бежентаев аймақ басшысына жүзеге асырылған жобалар туралы айтып берді. Бұлардың арасында Ақмола облысының geo.smartaqmola.kz геопорталы және облыс әкімдігінің ақпараттық-талдау жүйесі бар.

Сонымен қатар, аймақ басшысына өңірдің барлық ақпараттық жүйесі енетін бірыңғай нүктесі «Smart Aqmola» платформасы таныстырылды. Қала және облыс тұрғындары Аndroid платформасы арқылы тиісті мобильді қосымшаны жүктеп алуына болады. Қазіргі кезде бұл жоба пилоттық режимде жұмыс істеуде. Келешекте ақмолалықтар «Smart Aqmola» арқылы барлық қызметтерді пайдалана алады. Әсіресе, туристік геопорталға шығуға, баланы балабақшаға қою және балабақша кезегін бақылауға, дәрігерге жазылуға мүмкіндік жасалған.

null

Кеңсе ашылғалы бері «баланы мектепке қабылдауды автоматтандыру», «мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру және кезекке қою процестерін автоматтандыру» тәрізді қызметтер іске қосылды. Тұрғын үй-коммуналдық салада «Е-КСК» қосымшасы және облыс орталығында «Қауіпсіз қала» жобасының бірқатар элементтері іске қосылды.

null

Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында қоғамдық көлік ақысын төлеу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарда бар. Бұл жүйеде жол ақысын қолма-қол және басқа жолдармен төлеу формасы қолданылады.

null

Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың call-орталықтарын біріктіретін тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай диспетчерлік қызметті енгізу жоспарда бар. Көкшетау қаласы аумағында smart-квартал құру, ондағы ТКШ жүйесіндегі цифрлы жаңалықтар қала бойынша таратылып отырады. Бұл кварталға smart-жарықтандыру, «ақылды» домофон және шлагбаум, негізгі қор жағдайын есептеуді автоматтандыру, ауа салқындатқышы, Wi-Fi, арнайы шақыру тетігі және бейнебақылауы бар жаңа үлгідегі аялдама кіреді.

null

Кеңсе жұмысымен танысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде енгізіліп отырған барлық ақпараттық жүйені толық біріктіру қажеттігін атап өтті. Жауапты тұлғаларға цифрландыру қарқынын жылдамдатуды тапсырды. «Smart Aqmola» басшылығына кеңсенің жұмысын open space форматында ашық және таза ұйымдастыруды міндеттеді.

null null

Соңғы жаңалықтар