Ақмола облысында бюджеттен жалақы алатындардың табысы 35% өседі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 23,5 мың жұмысшының жалақысы өсті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс отырысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалақысы аз жұмысшыларының табысын арттыру үшін үзбей түсіндіру жұмыстары және мониторинг жүргізіліп жатыр. 3 826 кәсіпорынның 23,5 мың жұмысшысының жалақысы көбейді (бұған дейін орташа 54,7 мың теңгені құраған айлық жалақы енді 68 мың теңге болды, ал жалақы қоры 3,8 млрд теңгеге артты).

«Республикалық бюджеттен 2019 жылы 4,8 млрд теңге бөлінді, ол қаражат бюджеттік ұйымдардың 32 мың жұмысшысының - дәрігерлер, оқытушылар, мәдениет жұмысшылары, тағы басқалардың жалақысы 35% өседі (77 мың теңгеден 104 мың теңгеге дейін)», - дейді ведомство өкілдері.

Қ. Ыдырысовтың айтуынша, бұл ретте облыстың аудандық әкімдіктерінің жанынан құрылған үш жақты комиссиялар тұрақты жұмыс істеп отыр.



Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар