Ақмола облысында бюджет көлемі 225,5 миллиард теңгені құрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бюджет көлемі 225,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және өңір бюджетінің атқарылу қорытындылары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық барысы талқыланған жиында алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол атап өткендей, есепті кезеңде барлық макроэкономикалық көрсеткіштер орындалды. Нақты көлем индексі, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісінің жиынтық өнімі, инвестициялар, құрылыс жұмыстары көлемі, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және басқа да көрсеткіштер өсті.
Талдау қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жеңілдікпен кредиттеу мәселесін пысықтауды, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қуаттылығын жүктеуді, құрылыс жұмыстарының оң қарқынын, адам капиталын арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Бюджеттің көлемі 225,5 миллиард теңгені құрады. Шығыс бөлігі 98,4 пайыз деңгейінде орындалды. Облыс әкімі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жылдың қорытындысы бойынша қаржыларды толық игеруді тапсырды.
Үшінші мәселе бойынша «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков баяндады. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде облыс бойынша халықтың 77,4 пайыз өзектілендірілді. Сақтандырылған тұлғаның мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы ақпараттық жүйе іске қосылды. Ақмола облысы бойынша 2020 жылы 48,8 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланып отыр, ол 2019 жылғы бюджеттен 1,3 есе жоғары.
Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға деректерді өзектілендіру бойынша жұмысты аяқтауды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түсініктеме беру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
- Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
- Ақмола облысы: Жастарды қолдау - басты назарда
- Өткен жылы шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған
- Сенатор Атырау облысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелерді атады
-
Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр
-
Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам