Ақмола облысында бұрынғы әкімге қатысты қозғалған қылмыстың істің бабы өзгертілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданындағы Курск ауылының бұрынғы әкімі Владимир Рагозныйға қатысты қозғалған қылмыстың істің бабы өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, ауылдасы Баржақсы Жамышевтің өлімі бойынша айыпталған әкім өз ісіне жауап беруге қабілетті. Осыған қарай оған қатысты қозғалған қылмыстық істің «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы, ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды. Тергеу амалдарының құпиялылығы үшін ІІД бұдан басқа мәлімет беруден бас тартты.

Сонымен қатар, марқұмның әйелі Татьяна да тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан толық мәлімет бере алмайтындығын айтты. 

Еске сала кетейік, Курск ауылының бұрынғы әкімінің үстінен екі бап бойынша - ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның көлік басқаруы) және ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзін өлтіруге итермелеу) бойынша іс қозғалған еді.

Ал нақты шешім қылмыстық іске қатысты барлық мән-жай анықталған соң және сараптама қорытындысынан кейін шығарылуы тиіс болатын.

Соңғы жаңалықтар