Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді

2019 жылғы 12 шілде 19:22 304
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында тәжірибелі және жас яхташылардың қатысуымен «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік-ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 19-21 шілде күндеріне жоспарланып отырған шара Щучье көлінің жағасында «Four seasons» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «BurabayMarineClub» яхт клубының ұйымдастыруымен өтеді. Желкенді регат жарысына еліміздегі және Ресейдің жақын облыстарынан келетін 20-дан астам тәжірибелі және жас яхташылар қатысып, «микро» және «желкенді катамаран»  класынан күш сынасады»,- делінген орталық хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс жеңімпаздары өңірдің киелі орындарына саяхаттай алады. Сондай-ақ, бард әндері шеңберінде мәдени шаралар қарастырылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған Желкенді регат жарысына  Қазақстан мен Ресейден келген 20-дан астам тәжірибелі және жас яхташы қатысқан.


Ақмола облысында «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT