Ақмола облысында бүгінге дейін 1 млн. 25 мың гектар алқапқа дақылдар сіңірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандар бүгінгі күнге дейін 1 миллион 25 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдарын сіңірді. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, науқандық жұмысты алғашқы күннен Жарқайың, Жақсы және Есіл аудандары қарқынды жүргізуде. Олардың алды 135 мың гектар, соңы 107 мың гектар алқапқа ырыздық дәнін сіңіріп үлгерді. Сондай-ақ Астрахань, Бұланды және Егіндікөл аудандары да көктемгі егіс жұмыстарын 25,8 және 25,1 пайызға атқарған.

«Биылғы жылы облыс бойынша 171,2 мың гектар жерге біржылдық шөп, 39,4 мың гектарға көпжылдық шөп себу көзделсе, оның 44 және 100 пайызы жүзеге асырылды. Жалпы, 279,2 мың гектар алқапқа майлы дақылдар себу жоспарланса, атқарылған жұмыс 52 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар 16,19 мың гектар картоп, 3,07 мың гектар көкөніс отырғызылып, жоспар тиісінше 88 және 69 пайызға орындалды», - дейді А.Қалжанов.

Соңғы жаңалықтар