+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

2019 жылғы 7 желтоқсан 09:25
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында түнде боранда жолда қалған 92 адам құтқарылды, оның 4-уі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы Ақтөбеде боран күні қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып қалды

Ведомствоның мәліметі бойынша, боранның салдарынан Атбасар ауданы аумағында желтоқсанның 6-да түнгі сағат 22:05-те «Алматы-Екатеринбор» тасжолының бойында «Нұр-Сұлтан - Державинск» және «Нұр-Сұлтан - Рудный» бағытымен жүріп келе жатқан «Вольво» жəне «Setra» автобустары жолда қалған.

«Құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Екі автобуста болған 20 жолаушы (оның 2-уі бала) құтқарылып, Атбасар қаласындағы мектеп интернатына уақытша жайғастырылды», - дейді ведомстводан.

Ал, сол күні сағат 22-30 өңірдегі барлық бағыттағы автокөлік жолдарының жабық болуына байланысты «Көкшетау-Атбасар» тасжолының бойында 5 жеңіл көліктегі 12 адам Полтавка орта мектебіне жеткізілді.

Сонымен қатар, жолдардың жабық болуына байланысты желтоқсанның 7-де түнгі сағат 00:05 Көкшетау қаласынан 17 шақырым қашықтықта «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолынан «Setra» автобусы қауіпсіз жерге жеткізілді.

«Сургут-Шымкент» бағытындағы «Setra» автобусында 69 адам жолаушы болды. Оның 2-уі бала. Олардың барлығы жылыту орнына жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендері жоқ», - деп толықтырды ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT