+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Ақмола облысында боранда жоғалған үш тракторшы табылды

2019 жылғы 8 желтоқсан 02:16
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында боранда жоғалған үш тракторшы табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Есіл ауданында боранды күні шөп әкелуге кетіп, із-түзсіз жоғалған үш тракторшы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жүкті әйел қар құрсауынан құтқарылды Алматы облысында қар құрсауынан 15 адам құтқарылды Павлодар облысында көлігі бұзылып, далада қалған жүргізуші құтқарылды

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, К-700, МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларына мініп, шөпке кеткен «Престиж» шаруа қожалығының үш тракторшысы жоғалып кеткен еді. Кейін белгілі болғандай, олар кеше таңертең діттеген жеріне барып, шөп артып, кешкісін ауылға қарай жолға шыққан. Алайда, ақтүтек бораннан жұмысшылар сол күйі үйлеріне оралмады. Іздестіру шараларына ДЭУ, аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,бүгін кешкісін үш тракторшы да аман-есен табылды. Бұл туралы іздестіру тобы ведомствоның баспасөз қызметіне видеожазба жолдады. Онда тракторшылардың өздерін іздеуге атсалысқан ДЭУ, аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтып жатқанын байқауға болады.

«Үш тракторшы да аман есен табылды. Әзірге, осындай ғана ақпарат бар. Толық мәліметті кейін хабарлайтын боламыз» деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT