Ақмола облысында боранда адасып кеткен 68 жастағы әйел іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында боранда адасып кеткен 68 жастағы әйел іздестіруде.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«21 қазан күні сағат 15:00 шамасында Зеренді ауданы Қызылсая ауылының тұрғыны 1947 жылғы әйел ауыл маңынан сиырларын іздеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстарына Зеренді аудандық ТЖБ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, ІІБ 4 қызметкер мен 1 көлік , Куйбышев атындағы орман шаруашылығынан 8 адам және Кызылсая ауылының 60 жуық тұрғыны жұмылдырылды. Кешегі күні іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ, бүгін қайта жалғастырылатын болады», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар