Ақмола облысында боранда адасып қалған тұрғын табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында боранда адасып қалған тұрғын табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Қаңтардың 21-і күні түнгі 23:00 шамасында Жарқайың ауданының Арқалық ауылының 49 жасар тұрғыны күйеуінің боранда адасып, қалғаны жөнінде телефон арқылы хабарлаған. Осыған байланысты аудандық полиция, әкімдік қызметкерлері және ауыл тұрғындары іздеу жұмыстарына тартылды. Нәтижесінде жоғалған азамат араға 5 сағат салып, бау-бақша қоршауынан 100 метр қашықтықта табылды.

Кейін белгілі болғандай ер адам кешкі сағат 19:00 шамасында пойыздан өзінің танысын қарсы алып, қайтып келе жатқанда қатты боранның салдарынан адасып қалған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар