Ақмола облысында болған өрттен екі адам көз жұмды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт Ерейментау қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 6 адам және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1957 жылғы И. Коваленко және тағы бір адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде екінші адамның кім екені анықталуда.

Соңғы жаңалықтар