Ақмола облысында болған өрттен 65 жасар қария көз жұмды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат -Ақмола облысында өрт 65 жасар қарияның өмірін жалмады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрт Жақсы ауданының Жаңа-Қима ауылындағы 2 пәтерлі жекеменшік үйлердің бірінде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 3 адам және өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1949 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар