Ақмола облысында болған өрттен 5 жастағы екі бала иіс тиіп, уланып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғын үйлерде болған өрттен 5 жастағы екі бала мен 18 жастағы жігіт иістен уланып қалды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 10 қыркүйек күні 10:26 минут шамасында Бурабай ауданының Щучье қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алған. Соның салдарынан 5 жастағы екі бала иістен уланып қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды.

Сол күні кешкісін 18:40 минут шамасында Көкшетау қаласындағы Жеңіс көшесінің бойындағы жекеменшік үйде де өрт болып, 1997 жылғы ер адам иіс тиіп ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар