Ақмола облысында биылғы егін орағын ұйымшылдықпен өткізуге арналған облыстық семинар-кеңес өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен Есіл ауданының «Заречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2016 жылдың егін орағын ұйымшылдықпен, қысқа мерзімде, сапалы атқарып шығудың алда тұрған міндеттеріне арналған облыстық семинар-кеңесі өтуде.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, аудандар мен қалалардың әкімдері, бірқатар облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері мен шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының, элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарының басшылары, шағын және орта бизнес, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Бұл жолы аталған семинар-кеңестің шаруасы өрге басқан облыстағы алдыңғы қатарлы серіктестіктердің бірі - «Заречное» ЖШС-ында өтуі осы шараға қатысқан ұзын-ырғасы үш жүзге тарта адамның бәрінің де көңілінен шығып отыр деуге болады.

Өйткені, шаруашылықтың оң істерімен танысу барысында агроөнеркәсіп саласымен мықтап айналысқан жерлерде көңіл қуантарлықтай зор жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы  барған сайын анық аңғарыла түсуде.

Алдымен, семинар-кеңеске қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, өндірістік нысандармен танысты. Оның барысында шаруашылық басшылары келген қонақтарға осы заманғы озық үлгімен ҮИИД бағдарламасы бойынша салынып жатқан «WESTPUP» тұқым тазалайтын желісімен жабдықталған дәнді, дәнді бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдейтін кешеннің құрылыс алаңын аралатып көрсетті. Сонымен қатар, қонақтар ауылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан игі істердің куәсі болды.

Айталық, бүгінгі таңда осы аудандағы «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тек ауданда ғана емес, сонымен бірге, облыстағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымы болып табылады. Уәлихан Сапиұлы Әріпов басқаратын шаруашылық элиталық тұқым шаруашылығы бағытын ұстанған. Мұнда 400-ден астам адам еңбек етеді.

Серіктестіктің күшімен салынып, жұмыс істейтін наубайханада тәулігіне 500-800 бөлке нан пісіріледі. Осының бәрі орталық асханаға түседі. Жергілікті тұрғындар үшін нан арзан бағаға сатылады. Шаруашылық сонымен бірге,  шаштаразға дейін салып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді жолға қойған.

Селоның тазалығын көрсеңіз, тіпті, риза боласыз. Көшелер қыста қардан тазартылып, жазда жөнделіп отыруы өз алдына, әлеуметтік-мәдени нысандарға бір орталықтан жылу тартылған.  Селода суға да ешкім қам жемейді. Серіктестік тұрғындарды отынмен, жемшөппен қамтамасыз етеді. Олардың бағасы да нарық бағасынан көп төмен. Заречныйлықтар бос уақыттарын мәдениет үйінде мазмұнды өткізеді. Өткен жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимаратта кітапхана, басқа да бірнеше үйірмелер жұмыс істейді.

2013 жылы 75 миллион теңгеге «Бәйтерек» стадионы күрделі жөндеуден өткізіліп, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары жасалды. Жүгіру жолдарына жасанды жамылғы төселді.

Оған қоса, серіктестіктің арқасында «Айналайын» балабақшасы түбегейлі жөнделіп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды.

Шаруашылықтың бұдан басқа игі істері жетерлік, оны бүгінгі кеңестің қатысушылары көзбен көріп, куәсі болуда. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар