Ақмола облысында биыл 90 адамды кене шаққан

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері кене шағудың 90 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері кене шағудың 90 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 40 жағдай», - дейді Айнагүл Мусина.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, Сандықтау ауданы 2018 жылдан бастап кене энцефалиті бойынша эндемикалық аймақ саналады.

«Соңғы екі жылда кене энцефалитінің 7 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2020 жылы 5 жағдай (Көкшетау-1, Сандықтау-3, Зеренді-1), 2021 жылы - 2 жағдай Зеренді ауданында. Жеті жағдайдың үшеуі (43 пайызы) эндемиялық Сандықтау ауданында және төртеуі (47% ) эндемиялық емес аудандарда тіркелген. Жыл сайын Сандықтау ауданының 4 ауылдық округінің аумағында екі кезеңде (көктем және күз) кенеге қарсы шаралар жүргізіледі», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, Ақмолада тағы бір ауылда 1 мыңға жуық бас мал беймәлім дертке шалдықты.



Соңғы жаңалықтар