Ақмола облысында биыл 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады
2022 жылғы 27 маусым 17:38

Ақмола облысында биыл 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жыл сайын тұрғын үй құрылысының ауқымын кеңейтіп келеміз. Мәселен, өткен жылы облыстың 9 ауданы мен қаласында 14 жалға және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 5 несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы 600 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 5 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Биыл бұл көрсеткішті 700 мың шаршы метрге жеткіземіз. Осы арқылы тағы 5 мыңға жуық отбасы пәтер мәселесін шешеді», - деді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысының айтуынша, қолжетімді тұрғын үй құрылысы облыстың барлық аудан орталықтары, сондай-ақ, Көкшетау және Степногор қалаларында жүргізілуде.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда 630 орындық заманауи ауруханасалынатынын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT