Ақмола облысында биыл 4,9 миллион гектарға дән себіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында биылғы жылы барлығы 4,9 миллион гектар алқапқа дән себіледі. Оның 91 пайызы немесе 4 миллион 889 мың гектары дәнді дақылдар үлесінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, дәнді дақылдар ішінде 3,7 миллион гектардан астамы немесе егіс алқабының барлық көлемінің 77 пайызына жаздық бидай егіледі. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 150 мың гектарға артық.

«700 мың гектар жер астам арпа, сұлы, жасымық және бұршақ егуге бөлінген. Өте аз көлемде шаруалар тары, қарақұмық және нут себеді. Майлы дақылдарды 254 мың гектарға (2019 жылға қарағанда 600-ге артық), ағымдағы жылдың азықтық шөптерін 181 мың гектарға (3 мыңға жуық артық) орналастыру жоспарлануда, картоп және көкөніс алқабын 2 мың гектарға – 20 мыңға дейін ұлғайтылмақшы», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, облыста көктемгі дала жұмыстарына қажетті 530 мың тонна тұқым (қажеттіліктің 100,1 пайыз) бар. Бүгінгі күні оның 425 мың тоннасы аккредиттелген зертханаларда тексерілді.

Науқанға 14,3 мыңнан астам трактор, 16,1 мың тұқым сепкіш және 1,2 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмылдырылатын болады.

Бұдан бөлек, бүгінгі дейін үкімет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарына жүргізу үшін өңірге 68 мың тонна кепілді дизель отыны бөлініп отыр. Нақтырақ айтсақ, Павлодар МСЗ-дан – 30 мың тонна, Шымкент мұнай зауытынан – 32 мың тонна және Атырау МӨЗ-нан - 6 мың тонна.

Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және кредиттік серіктестіктер тарапынан төмен пайызбен көктемгі-егіс жұмыстарына несие беру мәселелері шешілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 6 миллион теңгеге дейінгі беретін несие - шағын шаруашылық субъектілеріне жақсы демеу болады.

Бұдан басқа, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, өтімді мүлік кепілдігімен, ЕДБ, «Есіл» ӘКК АҚ кепілдігімен көктемгі-дала жұмыстарына несие беру мәселесі пысықталуда.


Соңғы жаңалықтар