Ақмола облысында биыл 3700-ден астам түлек ҰБТ тапсырады
Ведомствоның мәліметінше, карантин режимі кезіндегі елімізде көптеген орта мектептердің қашықтан оқыту әдісіне көшуі тестілеуге еш әсер етпейді. Мектеп бітіруші түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтына тегін кіріп, ҰБТ тапсыруға өтінішті онлайн режимде қалдырды.
«Биыл Ақмола облысында 4515 түлектің 3718-і немесе 82,3 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Облыста ұлттық бірыңғай тестілеудің сегіз пункті жұмыс істейді. Олар Көкшетау, Щучье, Атбасар, Есіл, Степногор, Ақкөл, Ерейментау қалаларында және Астраханка ауылында орналасқан. Осы пункттердің басшылары тестілеуді тапсыру орындарын нұсқаулық талаптарына сәйкес келтіру қажет. Бұл аудиторияларды дайындау, бейнебақылау өткізу, ұялы байланыс сигналдарын басу жүйелерінің жұмысы», - дейді ведомстводан.