Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы бір ауылдық округ пен 2 елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешім-құжатында көрсетілгендей, енді Ақмола облысында мына елді мекендерге қазақша атау берілмек:

- Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі Амантай ауылдық округі болып өзгереді;

- Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы Амантай ауылы болып өзгереді;

- Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің Самарка ауылы Бөріктал ауылы болып өзгереді.

Әкімдік пен маслихаттың бірлескен шешімі 1 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Бұрын хабарлағанымыздай, биыл Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылады.


Соңғы жаңалықтар