Ақмола облысында бірнеше аудан көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай аяқтап шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 13 ауданның диқаншылары көктемгі дала жұмыстарын 100 пайыз орындап шықты, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 4 миллион 196,4 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді бұршақты дақылдар себу жоспарланса, бүгінгі күні оның 4 миллион 121,8 мың гектарына ырыздық дәні сіңірілді. Бұл барлық егіс алқабының 98,2 пайызын құрайды. Егіс алқаптары ауқымды Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандары алғашқы болып, көктемгі егіс жұмыстарын 100 пайызға орындап отыр.

Санаулы күннің ішінде қалған аудандарда аяқтайтынына сенім мол. Оған ауа райы да қолайлық танытып отырған жайы бар.

Соңғы жаңалықтар