Ақмола облысында бірнеше адам аязда үсіп қайтыс болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өткен күндері қатты суықта қатып қалған 3 адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алғашқы жағдай 20 қаңтар күні Щучинск қаласында болған. Күндізгі сағат 15:50-дерде арықта қатып қалған 1980 жылғы ер адамның денесі табылды.

Ал, 21 қаңтар күні тағы да Щучинск қаласында жекеменшік үйдің ауласында суықта үсіп өлген 1967 жылғы әйелдің денесі табылды. Әйелдің жергілікті тұрғынның үйінде бөлме жалдап тұрғаны анықталды.

Сол күні Шортанды ауданының Дамса ауылында көшеде қатып қалған 1954 жылғы ер адамның денесі табылған.

Соңғы жаңалықтар