Ақмола облысында бірқатар жаңа судьялар тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жаңа тағайындалған судьялар сот төрелігін атқаруға кірісті.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасы аудандық және оған теңестірілген соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Аршалы аудандық сотының судья қызметіне Ержан Күмісбеков, Атбасар аудандық сотына Қаламқас Қазизова және Көкшетау қалалық сотына Дидар Байниязов тағайындалды.

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Жанәділов жаңа тағайындалған судьялардың өмірбаянын және қызметін судьялар қауымдастығына таныстырып, оларға сот төрелігін атқаруда табыс тілеп, жас судьялар өз мiндеттерiн адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға бағыт берді.

Тағайындалған судьялар аудандық соттардың ұжымына, жергілікті атқарушы органдарға таныстырылып, сот төрелігін атқарудағы өздерінің негізігі жұмысына кіріседі», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар