Ақмола облысында бірқатар елді мекендердің атауы өзгертілмек (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бірқатар елді мекендердің атауы өзгертілмек. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық екiншi сессиясында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Сессияда облыстық мәслихат депутаттары 9 мәселе бойынша шешiмдер қабылдады. Алдымен жиналғандар алдында облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров бюджетке енгiзiлген өзгертулер бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ сессия барысында Ақмола облысының елдi мекендерi аумағындағы жеке меншiкке ұсынылатын жер телiмдерiне базалық төлем төлеу мөлшерiн бекiту, Аршалы ауданы Жiбек жолы және Волгодоновка ауылдық округінің шекарасын өзгерту, Қорғалжын ауданы Дружба орта мектебiне Ақтан Төлеубаев атауын беру, Атбасар ауданының ауылдық округі мен ауылдары атауларын өзгерту тәрізді бірқатар мәселелерді қарап, бiрауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар