Ақмола облысында бірінші рет жас педагогтардың форумы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жас педагогтардың форумы өтті. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған форумда тəжірибелі педагогтар жас ізбасарларына шеберлік сыныбын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы өз Жолдауында келер 2019 жылы «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң қабылдауды тапсырған болатын. Білім беру саласында жұмыс істейтін ақмолалық жас мамандар Елбасы бастамасын қолдайды жəне жаңа форматта жұмыс істеуге бар күш-жігерін қосуға дайын.

Ақмола облысы жас педагогтарының «Педагогикалық дебют» форумына жалпы білім беретін мектептер, техникалық жəне кәсіби білім беру мекемелері, білім беру ұйымдарының əдіскерлерінен құралған 100-ге жуық маман қатысты.

«Жас мұғалімдерге тəжірибелі педагогтар: «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпаздары Дана Ысқақова жəне Наталья Семкина, «Қазақ тілі мен әдебиетінің ең үздік ұстазы» облыстық байқауының жеңімпазы Дамир Сұрағанов, физика, математика жəне информатика пәні бойынша өткен 6-шы республикалық байқауда 3-ші дəрежелі дипломның иегері атанған Баян Мұхиденова шеберлік сыныбын өткізді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Форум шеңберінде дистанциялық байқау өтіп, онда жас педагогтар өздерінің жұмысы туралы портфолио жəне бейнематериалдар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дəрежелі диплом, «Іскер педагог», «Өнерлі педагог», «Жаңашыл педагог» аталым-сертификаттарымен марапатталды.

null 

Соңғы жаңалықтар