Ақмола облысында бір түнде төрт қылмыс жасаған жасөспірім ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полицейлер бір түнде төрт бірдей қылмыс жасаған жасөспірімді қолға түсірді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

ІІД мәліметі бойынша, Целиноград аудандық ІІБ-іне Ақмол кентінің 1949 жылғы тұрғыны қаңтардың 5-іне қараған түні белгісіз біреудің гаражда тұрған "Фольксваген Пасат" көлігін айдап әкеткені жөнінде шағымданған. Осыған байланысты полицейлермен қолға алынған жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті 16 жасар жасөспірім қолға түседі. Кейін белгілі болғандай, күдікті сол түні бұдан басқа "Фольксваген Вента" және "Ниссан Примера" жеңіл көліктерін де айдап әкетпек болған. Сонымен қатар ол "Мазда Трибьют" көлігінің салонынан ақша жымқырды деген күдік бар.

Қазіргі кезде күдікті қылмыстарын мойындап, барлық іс бойынша үстінен ҚР ҚК 200-бабы, 187-бабының 1-бөлімі (ұсақ ұрлық) және 24-баптың 3-бөлімі, 200-баптың 1-бөлімі (көлік айдап әкетуге әрекеттену) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар