Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 104 адам қар құрсауынан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 104 адам қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Наурыздың 16 күні болған қатты боранның салдарынан аймақтық ТЖД бөлімшелері 7 рет апатты-құтқару жұмыстарын жүргіді. Осының нәтижесінде, 104 адам (оның 11 балалар) және 29 техника құтқарылды», деп көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетсек, осыған дейін аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы облыс аумағында наурыздың 16-18 күндері аралығында секундына 28 метрге дейін қатты жел соғып, арты боранға ұласады деп ескертті. Осыған байланысты өңірдегі республикалық маңызға ие жолдардағы қозғалысқа уақытша тыйым салынған болатын.

Соңғы жаңалықтар