Ақмола облысында бір кездері жабылып қалған Мәдениет үйі есігін айқара ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Қызыл Қазақстан ауылында ұзақ уақыт жабық тұрған мәдениет ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, есігі айқара ашылды. Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығынан» хабарлады.

Сонау 1991 жылдары «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кеткен заманда Қызыл Қазақстан ауылындағы бірден-бір Мәдениет үйінің іші-сырты талан-таражға салынып, жабылып қалған болатын. Соңғы кездері осынау нысанға аудан әкімдігі тарапынан үлкен көңіл бөлініп, мәдениет ошағы қайта түлеп шыға келді.

Жаңа Мәдениет үйінің ашылуына аудан әкімшілігі музыкалық орталықты тарту етсе, аудандық мәслихат депутаты А.Галюк ақшалай сыйлық жасады. Осынау қуанышқа ортақтасқан азаматтарға ауыл ақсақалдары рахметтерін айтып, баталарын берді.

Алдағы уақытта ауыл тұрғындары жаңадан құлпырған Мәдениет үйінде думанды әрі қызықты іс-шаралар өткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар