Ақмола облысында бір адамды пойыз қақты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Жамантұз стансасында бір адамды пойыз қағып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Келеңсіз оқиға түнгі 23:25 шамасында болған. Бурабай ауданындағы Жамантұз стансасында Қостанай-Қарағанды бағытында келе жатқан № 328 жолаушылар пойызы 1959 жылғы Кенесары кентінің тұрғынын қағып кеткен. Ол оқиға орнында жантәсілім етті.

Соңғы жаңалықтар