Ақмола облысында білім бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар мемлекетттік қызметшілердің тәртіптік істері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, балабақша меңгерушісінің лауазымына  байқау өткізу кезінде заң бұзушылыққа жол берген Бұланды аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Есмұрзина мен бас маманы У.Аяпбергенова кінәлі деп танылды. Олар «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-бөлігі 4-тармақшасына сәйкес, қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту алды.

Сондай-ақ ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тәртіптік кеңесте Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында жүргізілген тексерістің қорытындысы шығарылды. Басқармада мемлекеттік қызмет туралы заңнама саласында бірқатар заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. Кеңес барысында өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Д.Таласбаевтың қызметік тәртіпті нығайту, жемқорлықты ескерту жəне қызметтік əдеп нормаларының бұзылуын алдын алу бойынша жұмыстардың қорытындысы туралы есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының  міндетін атқарушы Б.Шəйкенов жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар