Ақмола облысында білікті дәрігерлердің саны артып келеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында білікті дәрігерлердің саны артып келеді. Қазір кезде облыс тұрғындарына барлығы 1787 дәрігер қызмет етуде. Оған қоса, орта медициналық мамандардың қатарын көбейту жаспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша облыс тұрғындарына 587 денсаулық сақтау нысандары қызмет көрсетеді. Оның ішінде 31 мекеме станционарлық көмек көрсетумен айналысады. Оған 16 орталық аудандық аурухана, 7 емхана, 99 дәрігерлік амбулатория, 48 фельдшерлік акушерлік пункті, 393 медициналық пункті және 9 өзге де мекемелер кіреді.

Ағымдағы жылы жалпы тәжірибедегі дәргірлерге жүктемені азайту бағытында 1800 адамға бір жалпы тәжірибедегі дәрігерден келді. Медициналық ұйымдарда қосымша 62 жалпы тәжірибедегі дәрігер учаскесінен келді.

Осы ретте, учаскелік терапевт пен педиатроларға жүктеме азайтылатын болады.

Облыста кадрларды тарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, өткен жылдың өзінде облысқа 140 дәрігер мамандар және 244 орта медициналық қызметкерлер келді.

Атап өту керек, облысқа сырттан келген дәрігер мамандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2017 жылы 61 маман баспаналы болды. Оның 20-ы пәтерді облыс орталығынан алды. Оған қоса, 39 медицина маманына 6,2 миллион теңге көлемінде бір реттік көтерме сыйақы, 65 медицина қызметкеріне 217,3 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.

Көкшетау қалалық ауруханасының бас дәрігері Серік Кәкенов өткен жылы 3 жас маманың келгенін айтуда. Соның бірі терапевт дәрігер Динара Қасымова.

«Мен Астанадағы медициналық университетті бітірдім. Қазіргі кезде Көкшетау қалалық ауруханасының неврологиялық бөлімшесінде дәрігер - ординатор болып қызмет істеймін. Жұмысқа қабылданған кезде бір реттік көтерме сыйақы алдым. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжым да көңілімнен шығады», дейді жас маман.

Соңғы жаңалықтар