Ақмола облысында бес күннің ішінде 74 мас жүргізуші ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері 5 демалыс күні ішінде 74 мас жүргізушіні құрықтады, деп хабарлайды Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Мереке күндері ішкі істер органдарының Ақмола гарнизонының жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс істеді. Бұл күндері қоғамдық тәртіпті қорғауға полицейлермен қатар қоғамдық құрылымдардың өкілдері де тартылды.

Тәртіп сақшылары негізінен жол көлік қозғалысының қауіпсіздігіне ерекше мән берді. Полицейлермен осы бес күннің ішінде 1670 жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталып, 74 мас жүргізуші құрықталды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын, наурыздың 25-і күні облыс орталығында түнгі сағат 22:25 кездерінде Көкшетау тұрғыны 1996 жылғы азамат мас күйінде қаладағы Сүлейменов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған "Ауди А4" көлігін айдап әкеткені жөнінде хабарлаған едік.

Сол кезде, ащы суға сылқия тойып алған ол Сүлейменов көшесінің бойымен жүйткіп келе жатқанда темір тұлпардың рөліне ие бола алмай көпірдің қоршауларына соғылып, кейін суға құлап тынған болатын. Қазіргі кезде ол тергеу оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 185 бабының 1бөлімі (біреудің мүлкін иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы кездері осындай мас жүргізушілердің көбейіп отырғандығы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін де алаңдатып отырған жайы бар.

Соңғы жаңалықтар