Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар бала көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 14 жасар жасөспірім бензинге уланып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы маусымның 8-де сағат 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан.

«Медбикенің сөзінше, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын «бензиннен улану» диагнозымен медицина мекемесіне жеткізілген. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден сұрап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соның қорытындысы бойынша процессаулдық шешім қабылданады.

Мұның алдында Көкшетауда үйінен кетіп қалған жасөспірім бес күн бойы Петропавл көшелерінде түнеген еді.



Соңғы жаңалықтар