Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, ер адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында көмір түсіру кезінде белгісіз зат жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

Оқиғаның салдарынан 1981 жылы туған үйдің иесі қаза болды. Тілінген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды.

Қазіргі уақытта полиция жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар