Ақмола облысында балық аулағандар жауапқа тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Қорғалжын ауданы аумағында заңсыз балық аулап жатқандар туралы әлеуметтік желісінде тараған бейнежазбаға қатысты полиция тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тексеріс кезінде белгілі болғандай, сәуірдің 11-де сағат 11:00 шамасында Қараегін ауылының 43 жастағы екі тұрғыны Нұра өзенінде балық аулаған. Бұл аумақ Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағына кірмейді.

Тұрғындар балықты қармақ және торлы дорбамен аулаған. Ал, бұл рұқсат етілмеген болып саналмайды.

Дегенмен, сәуір айынан бастап, балықтардың уылдырық шашатын уақыты болғандықтан шортан балықты қандай да бір әдіс аулауға тиым салынады.

«Қазіргі кезде балық аулаған ауыл тұрғындары ҚР ӘҚбК 383 бабы бойынша (балық аулау және балық ресурстарын қорғау тәрізді өзге де ережелерді бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары үшінші балықшыны анықтауда», - деп түсіндірді ведомстводан.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаның авторымен профилактикалық әңгіме жүргізді.


Соңғы жаңалықтар