Ақмола облысында «Балқарағай» демалыс орнында өрттен 1 адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Малотимофеевка кентіндегі демалыс орнында өрт болып, оқиға орнынан 1 адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 20-шы қараша күні түнгі 01:22 минут шамасында «Балқарағай» демалу орнындағы жұмысшыларға арналған жатақхана ғимаратында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астана қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 8 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астанадағы АМО жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 1979 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар