Ақмола облысында балаларына қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған әке 17 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған балаларына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетке барған ер адам 17 жылға сотталды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сотта 1973 жылы туған ер адам  10 және 13-дердегі кәмелеттік жасқа толмаған ұлдарына порнографиялық видеоны көруге мәжбүрлеген және онысымен қоймай балалардың жыныс мүшелеріне тиіскені анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің осыған дейін бірнеше рет балаларына қатысты жыныстықсипаттағы зорлық-зомбылық әрекетке барғаны белгілі болды.

Әйелі күйеуінің бұл әрекетін білгенімен полицияға хабарласып, айтуға қорыққан.

«Сот 43 жастағы ер адамды кінәлі деп танып, ҚР ҚК  121 бабының 4 бөлімі бойынша (Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасау) 17 жылға сотталды. Сотталушы жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болады.

Сонымен қатар, күйеуінің қылмысын жасырып келген екі баланың анасы да пробациялық бақылау орнату бойынша 1 жылға сотталды. Әйелдің құзыретті органның рұқсатынсыз бір жерден екінші жерге көшуіне, сондай- ақ, жұмыс орнын ауыстыруына тыйым салынған.

Сот  үкімі күшіне енді», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар