Ақмола облысында балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақшы

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 109 900 немесе 83,8 пайыз бала сауықтыру және демалудың барлық нысандарымен қамтылатын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта облыста 1-10 сыныптардың 131 045 оқушысы бар, оның ішінде 17 508 бала - халықтың әлеуметтік осал топтарынан, 397 бала ювеналды полицияда, 400 оқушы мектепішілік есепте, 878 кәмелетке толмаған бала тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленуде.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үш бағыт бойынша жүргізіледі. Қала сыртындағы демалыс 13 балалар сауықтыру орталығының базасында жүзеге асырылады, оның 8 мемлекеттік болса, 5 жекеменшік. Мемлекеттік лагерьлер Атбасар, Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау, Сандықтау және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жұмыс істейді. Жеке лагерьлер Бурабай және Зеренді аудандарында орналасқан. Қала сыртындағы 13 лагерь бір маусымда 2150 баланы қабылдай алады. Яғни, жаз бойы барлығы 6-7 ауысым ұйымдастырылады, оның әр біреуінің ұзақтығы 7-10 күнді құрайды», - деп Ботакөз Дүйсенова.


Басқарма басшысы атап өткендей, мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 35-105 мың теңгені, жекеменшікке – 90-110 мың теңгені құрайды. Биылғы жылғы жолдама құны 2022 жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға өсіп отыр.

Жаз бойы республикалық және облыстық қала сыртындағы лагерьлерде 12 700-ге жуық ақмолалық оқушыны демалатын болады. Бұл ретте 1500 оқушы тегін демалады.

«Жалпыға бірдей білім беру қорынан жолдама сатып алуға халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар үшін шамамен 85,5 миллион теңге қаржы жоспарланған. Қала сыртындағы лагерьлерде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың демалуына бюджет тапшылығы 1 миллион 280 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, жазғы кезеңде облыстың 450 оқушысы «Балдәурен» республикалық орталығының филиалдарына барады», - деп толықтырды Ботакөз Дүйсенова.

Сонымен қатар, 5 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтағы 150 бала «Звездный» балаларды сауықтыру орталығы базасында сауықтырылады. Білім министрлігімен бірлесіп «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан Ақмола облысының ауылдық жерлерінен 5-8 сыныптардың 640 оқушысына тегін демалыс ұйымдастыру туралы мәселе пысықталды. Бұл оқу үздіктері, шығармашылық және зияткерлік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары. Осылайша, әлеуметтік осал топтардан 2100 оқушы қала сыртындағы демалыспен қамтылатын болады.

«Қала сыртындағы демалысқа қосымша 5 маусымнан бастап мектептер жанынан 70 мыңға жуық баланы қамтитын мектеп жанындағы 500-ден астам алаң ұйымдастырылады. Әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған мектеп жанындағы лагерьде тамақтану Мемлекеттік қызмет арқылы беріледі, қалған балалар ата-аналарына ақы төлеу есебінен тамақтанады», - деп толықтырды Ботакөз Дүйсенова.

Сонымен бірге, Елорданың 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 50 баланың Астана қаласына экскурсияға шығуы ұйымдастырылмақшы.

Айта кетсек, бұдан бұрын биыл Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар