Ақмола облысында балалар офтальмологиясы бөлімшесі ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Келер жылы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында көз микрохирургиясы бөлімшесіндегі жабдықты жаңарту және балалар офтальмологиясын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықовтың Көкшетаудағы көпбейінді Ақмола облыстық аурухананың офтальмология бөлімінде болғанында айтылды. Аурухана жұмысымен танысқан басқарма басшысы бөлімшенің заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қажет ететінін атап өтті. Бөлімшеге он жылдан бері жаңа жабдық сатып алынбаған. Сондай-ақ диагностика мен ота жасауға арналған жабдықтар жаңартуды қажет етеді. Ал бұл Ақмола облысындағы жалғыз офтальмологиялық бөлімше.

Қазір мұнда 15 адам ем алуда. Күн сайын шамамен 10-15 ота жасалады. Басқарма басшысы мұнда балаларға тиісінше офтальмологиялық көмек көрсетілмейтініне назар аударды.

«Біз балалар офтальмологиясын ашып, дамытамыз. Алдағы 2022 жылы көз микрохирургиясы бөлімшесіне қолдау көрсетіп, оны одан әрі жетілдіретін боламыз», - деді Нариман Сыздықов.


Соңғы жаңалықтар