Ақмола облысында балалар арасында тай үйретуден жарыс өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Тай - атқа, ат - мұратқа жеткізер» атты балалар арасында тай үйретуден жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Елбасының «Рухани Жаңғыру» мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру және «Атқа мінуді» насихаттау шеңберінде Бұланды ауданының Жаңаталап ауылында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Жомарт Нүркенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

null

«Жарыс қорытындысы бойынша «Жабағы үйретуден» Макинск қаласынан келген мектеп оқушысы Ермек Дәулет жабағының үстінде 2 минут 31 секунд құламай отырғаны үшін бірінші орын алды.

null

«Аударыспақ» және «Жілік сындыру» тәрізді ұлттық ойындарда Жаңаталап ауылы мен Амангелді селолық округінің тұрғындары Рүстем Әбдікәрімов пен Жангелді Такараев үздік атанды.

null

Ал «Көкпар» ойынында Жаңаталап ауылының білекті жігіттеріне қарсы келетін команда болған жоқ», деп хабарлады ведомство.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар