Ақмола облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында әлеуметтік маңызы зор азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, өңірде әлеуметтік маңызы зор азық-түлікті тұрақтыру бойынша Жол картасы құрылып, бағаға күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады, кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылып жатыр.

«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Джазинаның айтуынша, Көкшетау қаласында 3 шағын базардың құрылысын жүргізу жоспарланған.

«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басты қызметінің бірі – Ақмола облысында тұрақтандыру қорын ашу арқылы әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Бұл өңірде астықтан басқа негізгі азық-түлік бағаларының маусымдық ауытқуын реттейді. Тұрақтандыру қорына ақша облыстық бюджеттен бөлінеді», - деді Гүлмира Джазина.

Сонымен қатар, жергілікті тауар өндірушілер тарапынан облыс орталығындағы «Қамқор» коммуналдық павильонына және «Бакалея» сауда үйіне жеңілдетілген бағамен жұмыртқа жеткізілуде.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Қамқор» коммуналдық базарында «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жаңа павильоны ашылды. Онда қала тұрғындары жеңілдетілген бағамен азық-түлік сатып алады.

Бұдан бөлек, «Ақсай нан-Көкшетау» ЖШС әлеуметтік нан жеткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында 11 сауда орны, облыс бойынша 185 сауда орны жұмыс істейді. Бұл сауда орындарында салмағы 550 грамм әлеуметтік нанның бағасы 75 теңге тұрады. Әкімдік пен нан зауыты арасындағы келісім негізінде фирмалық сауда орындарында наның бағасы 90 теңгеден 80 теңгеге дейін арзандатылды.


Соңғы жаңалықтар